Выйти
RU

"Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 27 ақпанында "Гарант-24" пен "Выгодный займ" компанияларының құрылтайшылары ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аслан Мырзабеков/компания кеңсесі. Фото: видеодан кадр/NUR.KZ.

Аслан Мырзабеков/компания кеңсесі. Фото: видеодан кадр/NUR.KZ.: UGC

ІІМ хабарлауынша, қазақстандық полицейлер атышулы "Гарант 24 Ломбард" басшысы Аслан Мырзабековтың жол жүру бағытын анықтады.

Polisia.kz мәліметіне сәйкес, 21 қаңтар күні жоғарыда аталып кеткен компания жетекшісі Ақтөбеден Орынбор қаласына аттанған.

Одан кейін кәсіпкер Ресей астанасына ұшып барып, пойызға мініп Кишинев қаласына жеткен. Ол жерде Мырзабековты молдавиялық тәртіп сақшылары ұстаған. Белгілі болғандай, қазақстандық құқыққорғау органдары бұған дейін аталмыш мемлекетке арнайы сұратым жіберген.

ІІМ хабарлауынша, қазіргі таңда оны Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Оған қоса, министерство қазақ-ресей шекарасында "Выгодный займ" ұйымының құрылтайшысы Жанболат Есіркепов қолға түскенін мәлімдеді. Қазіргі таңда, күдікті қамауға алынды.

Тағы да оқыңыздар

Аша Матай фильмографиясы: Актриса қандай фильмдерге түсті?

Құзырлы органның мәліметінше, бүгінгі күні "ломбардтар ісін" тергеу барысында 16 адам тұтқындалған. Компаниялардың тоғыз басшысына іздеу салынды.

Бұл шаралардың барлығы еліміздің түрлі өңірінің тұрғындары құқыққорғау органдары жаппай жүгіне бастағаннан кейін іске асырылуда. Қазіргі таңда, тергеушілердің өңдірісінде 22 қылмыстыұ іс тіркелді. Олардың барлығы қаржы пирамидасын құру мен алаяқтық фактілері бойынша қозғалған.

Айта кетейік, бұған дейін "Гарант 24" иесі Аслан Мырзабеков желіде видеоүндеу жариялап, халыққа ақшасын қайтаруға уәде еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды