Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Қытайдан 32 мыңнан аса адам келді

Опубликовано:

Алтыншы қаңтар мен 27 ақпан аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері бойынша елімізге Қытайдан 32 456 адам келіп жетті. Қазіргі таңда, 36 азамат медициналық бақылауда жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images / Bloomberg
Фото: Getty Images / Bloomberg: Getty Images

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жалпы алғанда мониторинг елімізге келген 24 469 азаматқа қатысты іске асырылған.

Бүгінгі күні 36 адам дәрігерлер бақылауында қалып отыр. Олардың барлығы мемлекетке соңғы екі аптада қайтып келген.

Дене қызуы жоғары және өткір респираторлық-вирустық инфекциялары байқалған 165 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың барылығы емханадан шығып, үйлеріне жіберілді.

Министрлік өкілдері круиздік лайнерден келген отандастарымыздың жағдайын баяндады. Аталмыш кемеде коронавирус анықталғандықтан, ол да карантинге жіберілді.

Медицина қызметкерлері круиздік лайнерден оралған қазақстандықтардың жағдайына қанағаттандырарлық деген баға берді.

Министрлік аталмыш оқиға жіті бақылауда тұрғанына сендірді.

Еске сала кетсек, Елжан Біртанов әлемге таралып жатқан қауіпті коронавирустың Қазақстанға да келуі мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, Қазақстан бәрінен алшақ жатқан арал емес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843328-kazakstanga-kytajdan-32-mynan-asa-adamnan-keldi/

pixel