Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев коронавирус жайлы: Тиісті шараларды қолдануды тапсырдым

Опубликовано:

Қазақстан президенті әлемдегі коронавирустың таралуына қатысты пікір білдіріп, инфекцияның ел аумағына өтіп кетпеуінің алдын алу үшін үкіметке тиісті әрі қажетті шараларды қолдануды тапсырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируске қатысты сұраққа жауап беру барысында үкімет жағдайды барынша бақылауда ұстауға тырысып жатқанын айтты.

Алайда, ол жаңа қытайлық вирустың Қазақстан аумағына тарап кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайтынын жеткізді.

Оған қарамастан, билік осыған дейін қолданған шаралар жақсы нәтиже беріп жатыр.

Белгілі болғандай, Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқиғалар тіркелген жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы қауіпті дерт таралуының алдын алу мақсатында үкіметке тиісті шараларды қолдану жөнінде арнайы тапсырма бергенін жеткізді.

«Алайда, асыра сілтемей әрі үрей туындатпай іске асыруды бұйырдым" , - деді ол.

Тоқаев коронавирус жайлы: Тиісті шараларды қолдануды тапсырдым
Тоқаев коронавирус жайлы: Тиісті шараларды қолдануды тапсырдым: UGC

Мемлекет басшысы коронавирус асқан жылдамдықпен әлем бойынша таралуын жалғастырса, билік халықаралық форумдар іспетті барша ірі іс-шараларды өткізуден бас тартуға тура келетінін мәлім етті.

Айта кетейік, бұған дейін Біртанов коронавирустың елімізде тіркелмеуіне қатысты хейтерлер пікіріне жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843333-tokaev-koronavirus-zajly-tiisti-saralardy-koldanudy-tapsyrdym/

pixel