Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз қалыңдығын өлтіріп тастаған ақтөбелік жігітке жаңа үкім шықты

Опубликовано:

Ақтөбе облыстық сотында сүйіктісінің қолынан қаза тапқан студент қыздың туыстарының апелляциялық шағымы қарастырылды. Бұған дейін, айыпталушыны он жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда, енді оған қатысты жаңа үкім шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Cот марқұм қыздың туыстарының шағымын қарап шығып, бұған дейін шығарылған мерзімге тағы бір жыл қосып беруге шешім қабылдады.

Нәтижесінде, Бақыт Орынбасаров абақтыда 11 жыл отыратын болады. Диапазон ақпаратынша, сотталушыны қаза тапқан арудың отбасына жеті миллион теңге төлеуге мәндеттеді.

Бойжеткеннің анасы қызының тойына жинап-терген қаржыны оның жаназасына жұмсауға мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 23 жастағы Бақыт Орынбасаров жалдамалы пәтерде қалыңдығымен ұрысып қалып, оны қылқындырып тастағаны белгілі болды. Кейіннен ол қылмысына қатысты мән-жайды айтып берді.

Айта кету керек, ер адам бойжеткеннің өлімінен кейін оның анасына қызының жағдайы жақсы екенін айтып алдаған.

Сараптама нәтижесі арудың күйеужігіті қылқындырғандықтан туындаған механикалық асфиксия салдарынан көз жұмғаны анықталды.

Өткен айда Бақыт Орынбасаровты он жылға түрмеге тоғытылған болатын. Алайда, сот шешімі марқұм қыздың туыстарының көңілінен шықпаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843345-z-kalydygyn-ltirip-tastagan-aktbelik-zigitke-zaa-kim-sykty/

pixel