RU

Тоқаев митингтер туралы: 250 адамға дейін шектеу енгізу орынсыз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімздегі бейбіт шерулерге қатысты заң эобасы туралы пікірін білдірді. Ол митингке қатыса алатын адам санын шектеу орынсыз деп есептейді. Бұл туралы президент Informburo.kz порталына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Президент конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған әрбір әрекет пен мүмкіндіктер заң аясында тоқтатылатынын жеткізді.

"Үкіметтік заң жобасындағы бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адамға дейін шектеу енгізу жөнсіз деп санаймын" , –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оған қоса, Тоқаев бейбіт жиындарды өткізудің тек хабарландыру тәртібін енгізу түбегейлі маңызды деп санайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Ганди саябағында қаладағы нүктелік құрылысқа қарсы митинг болып өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауқымды сұхбат беріп, бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады.

Президент қазіргі таңда аса қыз талқыланып жатқан коронавирусқа қатысты пікір білдіріп, билік дерттің елімізге тарап кетпесі үшін бәрін істеп жатқанын айтты.

Қазақстан басшысы бірер күн бұрын елордалық тергеу изоляторында қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты ойын жеткізді. Ол марқұм азаматтың отбасына көңіл айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев митингтер туралы: 250 адамға дейін шектеу енгізу орынсыз
Mailfire view pixel