Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамалғандағы жол апаты: Автобус жүргізушісінің жесірі екі баласы бар әйелді кінәлауда

Опубликовано:

Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы облысындағы Шамалған темір жол өткелінде орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы әлі жалғасуда. Марқұм автобус жүргізушісінің әйелі сот барысында жолдасының өліміне екі баласы бар жолаушы келіншекті кінәлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ: Facebook

Сот талқысы барысында Лейла Жарылғасова жолаушы әйел жүргізушінің аяғында өз балаларын қалдырып кеткендіктен, күйеуі автобустан шыға алмай қаза тапқанын мәлімдеді.

Жесір әйелдің сөзінше, оның жолдасы қолынан келгеннің бәрін істегенімен, жолаушылар көлігінен өзі шыға алмай қалған. Ол жолаушы әйелдің салғырттығы болмағанда, күйеуі аман қалуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

"Шыға берісте тұрды. Мен оған: "Тез шықсаңызшы, үлгермей қаласыз" дедім. Мен пойызға қарағанымда ол тым жақын қалғанын көрдім. Ол болса, маған қарап тұрды. Ештене жасай алмады. Сол сәтте, санаулы секундтарда соқтығысу орын алды" , - деді автобус жүргізушісінің жесірі.

Кондуктордың сөзінше, жолаушы әйел балаларын жүргізушінің аяғына тастағандықтан, ер адам оларға көмектеспей кете алмады.

"Біз есеңгіреп қалдық. Алайда, сіздің жолдасыңызды шығармай ұстап тұрды дегеніңіз шындыққа жанаспайды. Мен өз балаларымды жүргізушінің аяғына тастаған жоқпын, оның артына отырғыздым" , - деді Элмира Жаныбекова.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843364-samalgandagy-zol-apaty-avtobus-zrgizusisini-zesiri-eki-balasy-bar-jeldi-kinlauda/

pixel