RU

"Астана" бесінші мәрте Қазақстан суперкубогін жеңіп алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордалық футболшылар Суперкубоктің ақтық матчінде қызылордалық қарсыластарын жеңіп, чемпионаттың көшбасшысы атанды. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: fca.kz

Фото: fca.kz

Турнирдің финалдық ойыны өткір сәттерсіз басталды. Алғашқы қауіпті шабуыл төреші ысқырығынан жиырма минуттан соң орын алды. Алайда, Пиерос Сотириу қақпаға дәл тигізе алмады деп жазады Sports.kz.

Бұл шабуылдан кейін елордалық футболшылар барынша белсенділік танытқанымен, бәрібір гол соға алмады. Нәтижесінде, кездесудегі бірінші және жалғыз гол тек 40 минутта салынды.

Ойынның екінші жартысы голдарсз өткенімен, қауіпті сәттерге толы болды. Матч 1:0 есебімен елордалық клубтың жеңісімен аяқталды.

"Астана" осымен Қазақстан Суперкубогін бесінші мәрте жеңіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінің соңғы турында ірі есеппен ұтылғанын хабарлаған болатынбыз. Елордалықтар қонақта "Партизан" командасына 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

"Партизан" - "Астана" арасындағы кездесу соңында отандық командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

Ол тартысты өткен матч туралы өз пікірін білдірді.

Оған дейін, олар әйгілі "Манчестер Юнайтедтен" де есе жіберген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Астана" бесінші мәрте Қазақстан суперкубогін жеңіп алды
Mailfire view pixel