Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда боди-массажбен айналысқан 26 бойжеткен ұсталды (видео)

Опубликовано:

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері интимді сипаттағы қызмет көрсетіп, клиенттеріне боди-массаж жасаумен айналысқан 26 бойжеткенді тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: UGC

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі құқыққорғау органдары жеңіл жүрісті қыздарды анықтау мақсатында, елорда аумағына арнайы рейд жүргізгенін мәлімдеді.

Нәтижесінде полицейлер қаладағы коттедждердің бірін тінту барысында массаж салонын анықтаған. Белгілі болғандай, онда өзге елді мекендерден келген 26 арудың жұмыс істеп жатқан.

Коттедж иесі әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылу мүмкін.

Оған қоса, тәртіп сақшылары аталмыш ғимаратта есірткі заттарын анықтаған. Бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін он күн ішінде оңтүстік астанадағы құқық қорғау органдарының бөлімдеріне 183 жеңіл жүрісті азаматша жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. Анықталғандай, олардың 15-і – шетел азаматшасы. Ұсталғандардың 11-інің өздерімен бірге құжаттары болмаған.

Ұсталған 183 "түнгі көбелектің" 15-нің шетелден келгені анықталды. Атап айтқанда, үшеуі – Ресей, бесеуі – Өзбекстан, алтауы – Қырғызстан және біреуі – Украина азаматшасы болып шықты деп жазды Polisia.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843372-nr-sltanda-bodi-massazben-ajnalyskan-26-bojzetken-staldy-video/

pixel