Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 2870 адамға жетті

Опубликовано:

Құрлықтық Қытай шекарасында COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мың адамға жетті. Короновирустан бұл елде 2870 адам қаза тапса, 41 мыңнан аса азамат медициналық мекемелерден жазылып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Justin Chin/Bloomberg via Getty Images
Фото: Justin Chin/Bloomberg via Getty Images: Getty Images

Аталмыш мәліметтер 31 провинциядан алынды. Оларға сәйкес, қауіпті вирусты жұқтырып алғандардың саны 79 824 адамды құрды. Бұл көпшіліктің ішінен 41 625 адамды ауруханадан шығарып, үйлеріне қайтарды. Дәрігерлер 35 329 адамды (олардың 7365-і ауыр халде жатыр) жіті бақылауда ұстап отыр. Ал коронавирустан қаза тапқандардың саны 2 870 адамға жеткен.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.

Өткен 24 сағат ішінде құрлықтық Қытай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтыру байқалған жаңа 573 оқиға тіркелді. Ауруханалардан 2 623 адам шықса, 35 адам көз жұмған. Тағы 132 адам қауіпті дертке күдіктеліп жатыр.

Хубэй провинциясы қауіпті вирусты жұқтырып алғандар мен қаза тапқандар арасында әлі де көш бастап тұр. Соңғы тәулікте вирусты жұқтырудың 570 оқиғасы анықталып, 2 292 адам айықса, 34-і қаза тапқан. Коронавирустың тарауынан бастап қазіргі уақытқа дейін аталмыш ауданда вирусты жұқтырып алғандар 67 мың адам, емделіп шыққандар 31 187 азамат және қайтыс болғандардың саны 2 761 адамды құрап отыр. Қазіргі кезде 32 949 адам әлі де ауырып жатса, олардың жеті мыңнан астамының жаңдайы аса ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдан Қазақстанға 32 мыңнан аса адам қайтып оралғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843380-kytajda-koronavirustan-kaza-tapkandardy-sany-2870-adamga-zetti/

pixel