Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та коронавирустан болған бірінші өлім: Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

АҚШ аумағында коронавирустан болған бірінші адам өлімі тіркелді. Елдегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты штаттардың бірінде төтенше жағдай режимі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com: UGC

Вашингтон штатында қауіпті вирусты жұқтырып алған тұрғындардың бірі қайтыс болды. Бұл АҚШ аумағында коронавирустан болып тұрған алғашқы өлім деп жазады штаттың денсаулық сақтау департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасаған РИА Новости.

Қайғылы оқиғадан кейін, штат губернаторы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтып, штат бойынша төтенше жағдай жариялады. Бұл әрекетін ол коронавирустан болған АҚШ азаматының бірінші өлімімен ғана емес, жалпы штаттағы эпидемиялық жағдайдың ушығуымен түсіндірді. Төтенше жағдай режимі штаттың барлық аудандарында іске қосылмақ.

Шенеунік барша мемлекеттік мекемелер мен департаменттерге қытайлық вирустың өңір бойынша тарап кетпеуі үшін тиісті шараларды қолдануды тапсырды. Айта кетейік, ТЖ режимі штаттың Ұлттық гвардия күштерін қолдануға мүмкіндік береді.

АҚШ азаматының өліміне дейін, бір күн бұрын жалпы қауіпті дертке шалдыққандардың саны жөнінде мәліметтер пайда болды. Оларға сәйкес, науқастардың саны 62 адамға жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 2870 адамды құрағанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843384-aks-ta-koronavirustan-bolgan-birinsi-lim-vasington-statynda-ttense-zagdaj-zarialandy/

pixel