Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарын мерекемен құттықтады

Опубликовано:

Жамбыл облысыынң әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарын мерекемен құттықтады
Бердібек Сапарбаев. Фото: instagram.com/saparbayev_bm: Instagram

Сапарбаев құттықтауын Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

"Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қабылдады. Өйткені, Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтарға арналған, ұлттар бірлігін жаңа деңгейге көтеретін жалпыұлттық мереке.

Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту, тағдыр тәлкегімен қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризашылығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.

Баршамызға Алғыс айту күні құтты болсын! Береке-бірлігіміз берік болсын, ырыс-ынтымағымыз нығая берсін! Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан тыныштық пен татулықтың мәңгілік мекеніне айналсын!", - деді өңір басшысы.

Еске сала кетсек, ел президенті бүгін Қазақстан халқын "Алғыс айту" күнімен құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843392-berdibek-saparbaev-zambyl-oblysyny-trgyndaryn-merekemen-kttyktady/

pixel