Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралия мен Таиландта алғашқы коронавирустан қайтыс болғандар тіркелді

Опубликовано:

Австралия және Таиланд билігі өз аумақтарында пневмонияның жаңа түрінен қайтыс болғандар туралы деректі растады. 76 және 35 жастағы екі ер адам көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

умерши
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ресми деректерге сүйенсек, Diamond Princess лайнеріндегі жолаушылар қатарында болған 76 жастағы ер адам мен оның 79 жастағы жұбайы екі аптадай уақыт бұрын эвакуацияланған. Олар осы уақытқа дейін Перт қаласында орналасқан аурухананың оқшаулау бөлмесінде болған. Алайда ер адам осы жерде көз жұмды.

ABC News басылымының жазуынша, бүгінде Австралияда 25 адамның диагнозы расталған.

Ал Life.ru ақпарынша, расталған деректерге сәйкес, Таиландта індет жұқтырғандар 42 адамға жеткен.

Инфекциядан көз жұмған науқас туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері баспасөз конференциясында хабарлаған. Мамандардың сөзінше, марқұм COVID-19 инфекциясынан бөлек, қан ауруына да шалдыққан. Сондай-ақ, ақ халаттылар мәлімдемесінде марқұм қаза болған сәтте оның организмінен инфекция іздері анықталмапты.

Еске сала кетсек, коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адам өлімі АҚШ аумағында да тіркелді. Осыған байланысты Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843396-avstralia-men-tailandta-algasky-koronavirustan-kajtys-bolgandar-tirkeldi/

pixel