RU

"Самара - Шымкент" тас жолында көлік аударылды: Қаза тапқандар бар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Көлік салонында болған екі жолаушы көз жұмған. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Самара - Шымкент" тас жолында көлік аударылды: Қаза тапқандар бар

Фото: Polisia.kz

29 ақпанда "Самара - Шымкент" тас жолында көлік аударылды. Полицейлердің дерегінше, Toyota Alphard армениялық нөмірлі көлігін басқарған ақтөбелік Арал жақтан келе жатқан. Аяқ астынан ол тізгінге ие бола алмай, оң жақ жыраға түсіп, аударылған деп жазады Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасынан соң екі адам көз жұмды. Таңы екеуі алған жарақатынан кейін Хромтау аудандық Орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Автокөлікті қарағаннан кейін салонның алдыңғы бөлігінде болуы тиіс қауіпсіздік жастықшасы болмағаны анықталды.

Одан бөлек, көліктің бастапқыда "оң рөлді", кейінірек "сол рөлге" ауыстырылғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, дәл осы себептер адам өліміне себеп болған.

Еске сала кетсек, Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентіне жақын маңда орын алған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмғаны анықталған еді.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 28 ақпан күні таңертең болған. Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінен 25 шақырым жерде Chevrolet Aveo мен Лада 2131 автокөліктері соқтығысқан.

Ресей мемлекеттік нөмірі тағылған Chevrolet Aveo автокөлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Самара - Шымкент" тас жолында көлік аударылды: Қаза тапқандар бар
Mailfire view pixel