Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда полиция қызметкері көлік ішінен өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Екібастұзда қалалық парақшалардың бірінде тәртіп сақшысы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада "капитанды буындырып өлтірді" делінген. Ақпарды облыстық ПД баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

екібастүзда
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Полицей Екібастұзда жедел уәкіл болып қызмет еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, құқық қорғау органдарының қызметкерін белдікпен буындырған. Оның денесін ресейлік есепте тұрған жеңіл көліктен тауыпты.

Облыстық полиция департаменті ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны хабарланды. Тергеудің құпиялылығына сүйенген департамент басқа деректерді беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында екі адамды өлтірген деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шыққан.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті қылмыс жасағаннан кейін бір тәуліктен соң қолға түскен.

"Аса ауыр қылмысты жасады деген күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді департамент.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843401-ekibastzda-policia-kyzmetkeri-klik-isinen-li-kjinde-tabyldy/

pixel