Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Том Круз коронавирустың салдарынан карантинге жатқызылды

Опубликовано:

Венецияда жүрген танымал америкалық актер Том Круз коронавирусқа байланысты оқшауланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Актермен бірге оның түсірілім алаңындағы әріптестері де карантинге жатқызылған.

Әйгілі Том Круз коронавирустың салдарынан карантинге жатқызылды
Том Круз. Фото: instagram.com/tomcruise: Facebook

Том Круз карантин жарияланған уақытта Венецияда болған. Дәл осы қалада "Миссия невыполнима" киносының кезекті бөлімінің түсірілімі жүріп жатқан. Карантинге байланысты түсірілім уақыта тоқтатылды.

Daily Mail басылымының жазуынша, карантинге жатқызылғандар арасында актер Саймон Пегг те бар.

Оның сөзінше, қонақ үйдегі экшн-сахналардың бірінің түсірілімі басталған соң болған. Сюжет бойынша фильмнің басты кейіпкері осы қонақ үй ғимаратына жасырынуы керек болыпты. Айта кетсек, бүкіл түсірілім тобы дәл осы қонақ үйде алдағы дүйсенбіге дейін оқшауланады.

Сонымен бірге түсірілім жұмыстары Италияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты кейінге қалдырылды. Актерлар мен түсірілім тобын оқшаулаудан басқа жол болмағаны да хабарланды.

Әзірге олардың ешбірінен коронавирус анықталмағаны белгілі. Қазіргі уақытта өнер илеері биліктің жауабын күтіп отыр.

BNO News басылымы берген соңғы деректерге сәйкес, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 1,1 мың адамнан асып кеткен. Тағы 29 науқастың қайтыс болғаны анықталып отыр.

Еске сала кетсек, Австралия мен Таиланда коронавирус жұқтырған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843404-jgili-tom-kruz-koronavirusty-saldarynan-karantinge-zatkyzyldy/

pixel