Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус Люксембург, Ирландия және Арменияға да жетті

Опубликовано:

Коронавирус жұқтыру дерегі Люксембург, Ирландия және Арменияда да тіркелді. Вирус Италия мен Ираннан оралған адамдармен келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус Люксембург, Ирландия және Арменияға да жетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Люксембург аумағында Италиядан келген 40 жастағы ер адамнан вирус анықталған. РИА Новости басылымының елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сүйене жасаған дерегінше, науқас аурудың белгілерін байқап, емханаға өзі келіпті.

Коронавирусты анықтайтын тест оң нәтиже көрсеткен, қазір тағы да сынамалар алынуда.

Сонымен бірге Ирландия елінде де инфекция жұқтырған адам анықталды. Билік таратқан мәліметтерге сәйкес, науқас қазіргі уақытта мамандардың бақылауында. Онымен байланыста болған адамдар тізімге алынып жатыр.

БАҚ ақпарынша, науқас Италияның солтүстігінен келген.

Сондай-ақ Арменияның премьер-министрі де ел аумағында коронавирус анықталғанын хабарлады. Індет анықталған ер адам 28 ақпанда Иран мемлекетіне жұбайымен бірге сапарлап келген.

Еске сала кетсек, BNO News басылымы берген соңғы деректерге сәйкес, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 1,1 мың адамнан асып кеткен. Тағы 29 науқастың қайтыс болғаны анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843420-koronavirus-luksemburg-irlandia-zne-armeniaga-da-zetti/

pixel