Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Тегеранда жұма намазына баруға тыйым салынды

Опубликовано:

Коронавирусқа байланысты Тегеранда көпшіліктің жұма намазға жиналуына тыйым салынды. Елде вирус жұқтырғандар саны 245-ке жеткен. Олардың арасында әйелдер және отбасы істері бойынша вице-президент Масуме Эбтекар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ааааа
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Осыдан кейін Эбтекардың ұжымындағы барлық үкімет мүшелері вирусқа тест тапсыра бастады.

25 ақпанда COVID-19 вирусын Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи да жұқтырып алғаны анықталған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Иранда соңғы бір тәулікте қаза болғандар 26-ға жетті. Бұл коронавирустан Қытайдан кейін ең көп адам көз жұмған ел.

Қазір коронавирус жұқтырғандардың әлем бойынша жалпы саны 87 мыңнан асты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өткенін хабарлаған едік.

Олар қазіргі таңда медициналық қызметкерлердің бақылауында тұр.

Одан бөлек АҚШ аумағында да коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам өлімі тіркелді. Осыған байланысты Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ, Австралия мен Таиландта алғашқы коронавирустан қайтыс болғандар тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843435-koronavirus-tegeranda-zma-namazga-baruga-tyjym-salyndy/

pixel