RU

"Меломен" жігіттері ауыл тұрғындарына көмір түсіріп берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал "Меломен" тобы ауылдың мұқтаж тұрғындарына көмір түсіріп, қайырымдылық жасады. Өнер иелері "Волонтер жылына" орайластырылған "Біз біргеміз" атты эстафетаны Тұрсынбек Қабатовтан қабылдап, өзге шоу-бизнес өкілдеріне жолдаған. Әншілердің игі бастаманы қолдап жатқаны қалың көпшілікті тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/*melomen_officia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/*melomen_officia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Меломен" жігіттері қайырымдылық шараға қолдау білдіріп, Алматы облысындағы ауыл тұрғындарына көмір түсіріп берген.

Ғабит Бибасұлы, Ролан Қазретов және Қайрат Мырзаханов арнайы елді мекенге аттанып, жергілікті мұқтаж халыққа көмек қолын созған.

Танымал топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында әншілердің көмір түсіріп жатқан сәтінің видеосы пайда болып, көптің жүрегін елжіретті.

Желі қолданушылары қайырымдылық шарасына атсалысқан өнер иелеріне тәнті болып, оларға деген жылы лебізін білдірген.

"Қандай жомарт әрі ақкөңіл жансыздар" , "Сіздерді әнші де, адам ретінде де құрметтеймін" , "Халыққа әрдайым жақынсыздар, көмек беруге асықсыздар" , "Тәнті болып отырмын. Жарайсыздар" , "Игі бастама, сіздерге ризамын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін "Меломен" жігіттері шетелдегі демалысымен мақтанатын жұлдыздарды қатаң сынға алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Меломен" жігіттері ауыл тұрғындарына көмір түсіріп берді
Mailfire view pixel