Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшылары америкалық бапкерге шапан жапты (фото)

Опубликовано:

Кәсіпқой бокста жеңіліс тауып көрмеген қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев аты аңызға айналған бапкер Фредди Роучке шапан жапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар америкалық бапкерге шапан жапты
Фото: instagram.com/meiirim01: UGC

Спортшылар бұл туралы әлеуметтік желіде парақшаларында жазды.

"Фреддиді туған күнімен құттықтап келдік", - деп жазды Нұрсұлтанов өзінің Instagram-парақшасында.

Спортышалардың желідегі оқырмандары да туған күн иесін құттықтап, жылы лебіздерін жарыса жазды.

"Туған күні құтты болсын, шапаны керемет", "Тағы бір тұлғаға шапан киілді, мықты", "Жарасады екен", "Қазақтың шапаны керемет қой", - деп жазды олар.

Айта кету керек, қазақстандық боксшылар Фредди Роучтың залында келесі жекпе-жектеріне ұзақ уақыттан бері дайындалып келеді.

  • Фредерик Стивен Роуч – америкалық кәсіпқой боксшы, бапкер. Әлемдік бокс тарихындағы ең мықты жаттықтырушылардың бірі.

Ол филиппиндік спортшы Мэнни Пакьяомен үлкен белестерді бағындырды.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы айқасын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 2019 жылдың қарашасында өткізді.

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы АҚШ чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болған.

Ал Мадияр Әшкеев өткен жылдың қарашасында Американың Гавайан Гарденс қаласында 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинесті жеңіп, алғашқы титулы – WBC бойынша жартылай орта салмақтағы АҚШ чемпионы атағына ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, спорт әлемінде талай биікті бағындырған Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің немере ағасы Бақтай Сәпиев өмірден озды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843445-kazak-bokssylary-amerikalyk-bapkerge-sapan-zapty-foto/

pixel