RU

Жамбылға Оңтүстік Кореядан коронавирус жұқтырған 150 қазақстандық келгені рас па

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысында Оңтүстік Кореядан оралған 150 қазақстандықтан коронавирус анықталды деген ақпаратқа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

вирусс
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Мекеме қауесетке жауап беріп, ешкімнің инфекция жұқтырды деген күдікке алынбағанын, өңірге Оңтүстік Кореядан 150 қазақстандықтың келмегенін айтып жауап берді. Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Комиттеттің мәліметінше, оңтүстік өңірде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін барлық шара қабылдануда. Сондай-ақ билік медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етіп, шетелден келгендерге күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті фейк ақпараттарды таратпауға шақырып, жалған мәлімет таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында коронавирус салдарынан мәдени іс-шараларға шектеу қойылғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843448-zambylga-otstik-koreadan-koronavirus-zktyrgan-150-kazakstandyk-kelgeni-ras-pa.html