RU

Оразалиннің орынбасары өзінің ұсталуына қатысты жаңалыққа жауап берді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың қараша айынан бастап әкім орынбасары қызметінде жұмыс істеген Руслан Мамунов желіде өзінің ұсталуына байланысты тараған қауесеттерге жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысы әкімі орынбасары өзінің ұсталуына қатысты жаңалыққа жауап берді (видео)

Фото: facebook.com/profile.php, Көрнекі фото: pixabay.com

Әкім орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің оған қатысты ешқандай тергеу амалдарын жүргізіп жатпағанын айтып, ақтөбеліктерге видеоүндеу жолдады. Жазба оның Facebook парақшасында пайда болды.

Мамунов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің оған қатысты ешқандай кінәрат-талабы жоқ екенін алға тартты.

Ол төрт жыл бұрынғы іске куәгер ретінде қатысып жатқанын алға тартты. Қазіргі таңда Мамунов елордада жүр, шенеуніктің жазбасында оның бостандығын ешкім шектемегені айтылған.

Сондай-ақ, Ақтөбе өңірі әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргендерді сотқа беріп, жауапқа тартпақ.

29 ақпан күні әлеуметтік желі мен кей БАҚ беттерінде Руслан Мамуновтың қолға түскені туралы ақпарат пайда болған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 2016 жылы сотталған Қостанай қаласы экс-әкімінің зайыбынан пара алған шенеунікті қолға түсіргені хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің экс-басшысы бес жылға сотталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оразалиннің орынбасары өзінің ұсталуына қатысты жаңалыққа жауап берді (видео)
Mailfire view pixel