Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Қайратпен жүремін деп басқа екі балама мән бермедім

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы жұлдызды ұлының шығармашылығымен айналысамын деп басқа екі баласына аса қатты мән бермегеніне өкінетінін жеткізді. Гүлзира Айдарбекова Аян мен Заңғарға тиісті мөлшерде аналық мейірімі мен махаббатын бере алмағанына қынжылады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айдарбекова өзін толықтай Қайратқа арнағандықтан, кіші ұлдарының тәрбиесін отағасына сеніп тапсырғанын жасырмады.

Алайда танымал продюсер бұл әрекеті үшін бүгінде өкінетінін жеткізді.

"Ойымды әрқайсысына бөлмеймін, осы екі баланың тәрбиесі толығымен саған. Мен Қайратпен жүрейін" деп айтқанмын. Олар Нұрекенің тәрбиесінде болған ғой. Содан кейін қарамағанмын.

Бірақ, әрдайым мені бір ой мазалайды. "Қайрат деп осы екі балама мән бермедім. Қайтсем екен? Не істесем болады?" деген ойлар қынжылтады.

Әркез Қайраттың шығармашылығымен жүгіріп жүремін. Ал осы екі балам қалып қоя береді" , - деп ашығын айтты Айдарбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың голографиялық концертін ұйымдастыруға қанша қаражат кеткенін жайып салған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843457-glzira-ajdarbekova-kajratpen-zremin-dep-baska-eki-balama-mn-bermedim/

pixel