RU

Сауль Альварес мамыр айында кіммен жұдырықтасады

Мексикалық жұлдыз Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо мамыр айында өтуі тиіс жекпе-жектегі өз боксшысының қарсыласын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сауль Альварес. Фото: instagram.com/canelo
Сауль Альварес. Фото: instagram.com/canelo: Instagram

Бұған дейін күтілгендей, "Канелоның" келесі жекпе-жегі мексикалық "Синко де Майо" мерекесінің қарсаңында өтеді. Бокс кеші 2 мамырға жоспарланған деп жазды Sports.kz.

Эдди Рейносоның айтуынша, Сауль Альварестің келесі қарсыласы – британиялық боксшы Билли Джо Сондерс. Қазіргі уақытта ол супер орта салмақта WBO чемпиондық белбеуінің иегері болып табылады.

Мексикалық боксшының жаттықтырушысы мәлімдегендей, жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы алаңдардың бірінде өтеді.

Еске сала кетейік, шетелдік БАҚ-тың инсайдері Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесудің қыркүйек айында өтуі мүмкін екенін жазды.

Алайда, триология орын алған жағдайда Генадий Головкин салмағын мексикалық боксшы өнер көрсетіп жүрген 168 фунтқа көтеруі қажет екені айтылды.

Сондай-ақ осыған дейін қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің жарақат алып қалғанын, сол себепті оның поляк Камиль Шереметаға қарсы жоспарлаған кездесуі кейінге қалдырғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843460-saul-alvares-mamyr-ajynda-kimmen-zdyryktasady.html