Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірлік істеп көрдім": Ел назарынан тыс қалған Асқар Жүнісбеков қазір қайда жүр

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Асқар Жүнісбеков көптен бері сахнаға шықпай, ел назарынан тыс қалып қойды. Кезінде аты дүркіреп тұрған шоу-бизнес жұлдызы өнерден алшақтап кетуіне не түрткі болғаны жайлы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, ол біраз уақыт бойы өзін бизнес саласында сынап көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Асқар Жүнісбеков кәсіпкерлікке бет бұрғандықтан әншілігі бәсеңдеп қалғанын мойындады.

Алайда өнер иесі жақын арада сахнаға қайта оралатынын хабарлап, өзін асыға күтіп жүрген жанкүйерлерін қуантты.

"Алматыдамын. Мен ешқайда кетпегенмін. Мектеп бітіргелі осы қаладамын. Осымен 19 жыл болыпты. Биыл бұйыртса өнерді ақырындап қолға алып жатқан жайым бар.

Бұған дейін әр түрлі тірліктер істеп көрдім. Бірақ, өнерден кете алмадым. Бәріне айтатын жауап осы шығар. Кішігірім кәсібім болды.

Мен кәсіпті де істей алады екенмін, қолымнан келеді. Бірақ, өнер маған жақынырақ екен. Базар саласында саудагерлермен жұмыс болды.

Жұмыс жақсы жүрді, бірақ қайтып келу керек болды. Өнермен бастағаннан кейін, оқуын бітіргеннен кейін осы жұмысты қайта қолға алуға тура келіп тұр. Тәуекел деп басынан бастағандай қадам жасаймыз.

Негізінде мен алыс кетпедім. Арасында концерттерге шығып жүрдім, шақырған жерлерден қалмадым. Мендегі мәселе - жаңа әндердің жазылмауы.
Жалпы өнерден қатты кеткен жоқпын, қосымша алып жүрдім. Енді бұйыртса жаңа әндер жазып жатырмыз. Кәсіптен көп қаржы жинамадым, өнерде көбірек екен. Әйтпесе, жүре беретін едім бизнесте" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін ел алдына шықпай кеткен Жанар Дұғалова желіде бейтаныс жігітпен жаттығу залындағы фотосын жариялап, елдің қызу талқысына қалған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843471-tirlik-istep-krdim-el-nazarynan-tys-kalgan-askar-znisbekov-kazir-kajda-zr/

pixel