Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қонақүй ретінде жұмыс істеген екі бірдей жезөкшелер ордасы анықталды

Опубликовано:

Алматының Түркісіб ауданында жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік берген екі қонақүй анықталды. Олардың бірі Әуезов ауданында орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда үш притон қонақүй
Фото: polisia.kz: UGC
"Екі мекеме иелерінің үй-жайды жөзекшелікпен айналысуға бергені әшкереленіп, олар жауапқа тартылды. Өткен демалыста ұйымдастырған мақсатты рейдтің нәтижесі осындай.
Бұл жолы біз ұялы зертхананың көмегімен әйелдерден ауруды анықтау мақсатында тексеріс жүргізіп, оларға өз кеңестерін беретін ЖИТС-орталығының қызметкерлерін тарттық", - деп атап өтті Алматы ПД-нің қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Жалпы полицияға жезөкшелікпен айналысатын 30-ға жуық әйел жеткізілді, олардың үшеуі Өзбекстан азаматтары.

Анықталғандай, бұл қонақүйлер олардың тұрғылықты жұмыс орны болған.

Арнайы құрылған топ 10 күн ішінде полиция бөліміне 245 бойжеткенді жеткізді. Олардың үшеуі Ресей Федерациясының азаматтары, алтауы Өзбекстаннан келген, тағы алтауы Қырғызстан азаматы және біреуі украиналық.

Құжаттары жоқ тұлғалар ПД-нің тарту-қабылдау орнына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, жезөкшелер сайтында тәнін сататын жігіттердің де бар болып шыққанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843479-almatyda-konakj-retinde-zmys-istegen-s-birdej-zezkseler-ordasy-anyktaldy/

pixel