RU

Заңсыз митингілерге қатысқаны үшін 80- ге жуық азамат полицияға жеткізілді

Ішкі істер министрі заңсыз митингілерге қатысқаны үшін қанша адам полицияға жеткізілгенін мәлімдеді. Олардың бірқатары әкімшілік жазаға тартылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ерлан Тұрғымбаевтың сөзінше, кейбір азаматтар Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, митинг өткізуге тырысқан.

Осыған байланысты, полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзбақ болғандардың жолын кесті. Нәтижесінде сексенге жуық адам полиция бөліміне жеткізілді.

Құрықталғандардың барлығы әңгімелесуден кейін жіберілді. Тұрғымбаевтың сөзінше, құқық қорғау органдары қызметкерлері ешкімді де үш сағаттан артық ұстамаған.

Аталған оқиғалардың нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке төрт қазақстандық тартылды: оның бірі айыппұл төлеуге міндеттелсе, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Министрдің мәлімдеуінше, қамауға алынғандардың екеуі күш құрылымдары өкілдеріне қарсылық танытқандар болса, тағы біреуі заңсыз митинг ұйымдастырғаны мен өткізгені үшін жазаланып отыр.

Министр бұл әрекеттердің заңсыз тұстарын атап өтті. "Митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы" Заңға сәйкес, бейбіт митинг өткізгісі келетін азаматтар алдымен оған рұқсат алу керек. Ол үшін әкімдікке жүгініп, қатысушылардың орнын, уақытын және санын анықтауы тиіс. Тек рұқсат алғаннан кейін ғана бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы митинг өткізу туралы жариялауға болады.

Министр жоғарыда аталған әрекеттердің бірде-біреуі болмады, әкімдікке ешкім сұраныс тастамады дейді. Оның сөзінше, Бас прокуратура 1 наурыз күні Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылған және тыйым салынған ұйым митингілер ұйымдастыруға тырысып жатқанын түсіндірген.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бірнеше апта бұрын қақтығыс орын алған Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843486-zasyz-mitingilerge-katyskany-sin-80-ge-zuyk-azamat-policiaga-zetkizildi.html