RU

Коронавирус тараған ел азаматтары Қазақстанда жұмыс істей алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкіметте Қазақстанға коронавирус тарауына жол бермеу жұмыстары бойынша бақылау жүргізетін әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-премьер бірінші және екінші санаттағы елдерден шетелдік жұмысшыларды тартуға рұқсат беру уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ералы Тоғжанов коронавирус ошағына айналған Қытаймен жолаушы автобустары тасымалы, жолаушылар пойызының қозғалысы, сондай-ақ, әуе хабарламасы тоқталғанын еске салып өтті.

Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяға рейстер аптасына 9-дан 3-ке қысқарды. 1 наурыздан бастап Иранмен жалғыз әуе рейсі уақытша тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Токио бағытындағы рейс саны 2- ден 1- ге азаяды. Одан бөлек, 5 наурызда Әзірбайжанға рейстер саны аптасын 15-тен 3- ке қысқарды.

"Себебі, Бакуден келетін рейспен Қазақстанға Иран азаматтары, Иранға барған Әзірбайжан азаматтары ұшып келіп жатыр",- деді вице-министр.

Қазір қосымша қорғану шаралары жүргізілуде.

"Бірінші және екінші санаттағы елдер үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру уақытша тоқтатылды",- деді Тоғжанов.

Айта кетейік, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің басшысы Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны туралы мәлімдеді. Бұған аталған елде қытайлық коронавирустың жаңа түрі таралып жатқаны себеп болды.

Мұхтар Тілеуберді бүгінгі таңда әлемнің 60-ға жуық мемлекетінде COVID-19 коронавирусын 87 мың адам жұқтырғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус тараған ел азаматтары Қазақстанда жұмыс істей алмайды
Mailfire view pixel