RU

Біртанов: Сау болсаңыздар, масканың қажеті жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қытайлық коронавирус салдарынан қазақстандықтардың маскаларды жаппай сатып алып жатқанын хабарлады. Айтуынша, адамдар медициналық маскалардың барлық бөлшек қорын сатып алыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біртанов: Сау болсаңыздар, масканың қажеті жоқ

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның премьер-министрі орынбасарының хабарлауынша, медициналық масканың кейбір дәріханада болмауы елде олардың қолжетімсіз болып тұрғанын білдірмейді.

Ералы Тоғжанов отандық кәсіпорындардың маскаларды шығарып жатқанын және қазақстандықтардың сұраныстарын қанағаттандыра алатынын мәлімдеді.

Атап өтілгендей, кәсіпорындар ай сайын 5 млн маска өндіреді екен. Қажет болған жағдайда өндіріс көлемі 6 млнға дейін өсуі мүмкін.

Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігінің басшысы: "Сау болсаңыздар, масканың қажеті жоқ", - деп қоса кетті.

Елжан Біртанов қазақстандықтардың өзі маскалар төңірегінде дүрлікпе тудырғанын және қорқыныштың салдарынан бөлшек саудадағы барлық тауарды сатып алғанын хабарлады.

Министрдің пікірінше, медициналық маскаларды адам тұмауратып ауырған кезде, өзгелерді жұқтырудан қорғау үшін тағу керек.

Сондай-ақ, маскалар медициналық мекемелердегі медициналық қызметкерлерге қажет. Олар күн сайын жұқпалы аурумен ауыратын адамдардың жанында жүреді.

Қазақстанның премьер-министрі орынбасары Қазақстанда екі апта бұрын медициналық масканы мемлекет шекарасынан өткізуге тыйым салынғанын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов: Сау болсаңыздар, масканың қажеті жоқ
Mailfire view pixel