Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен Қазақстан коронавирус тараған елдер тізіміне енді

Опубликовано:

Сауд Арабиясы коронавирус дерегі көптеп тіркелген жеті елдің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатқан еді. Бұл тізімде неліктен Қазақстанның көрсетілгенін еліміздің сыртқы істер министрлігі түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Министрдің орынбасары мәлім еткендей, бұған бірқатар БАҚ өкілдерінің қисынсыз ақпарат таратуы себеп болған. Олар Қазақстанды коронавирус тараған 7 елдің қатарына кіргізіп қойған. Алайда, еліміздің виза беруге шектеу қойылған 49 елдің тізімінде болуының себебі басқада.

"Қисынсыз ақпарат тарап кеткен, осылайша, елімізде коронавирус тарағаны, соның салдарынан шектеу қойылғаны көрсетілген", – деп мәлімдеді Шахрат Нұрышев.

Бұған дейін Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирус дерегі көптеп тіркелген жеті елдің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатқан болатын. Мақсаты – жаңа қытайлық вирустың ел аумағына таралуына жол бермеу.

Мұндай шектеулер тек ауру тараған елдерге ғана емес, солармен шекаралас мемлекеттерге де қойылған. Қазақстанның бұл тізімге кіруінің себебі осы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік. Әзірге мұсылмандар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843511-nelikten-kazakstan-koronavirus-taragan-elder-tizimine-endi/

pixel