RU

Ол нөмірі бірінші: Ресейдің халық әртісі Александр Серов Димаш туралы ойын айтты

Танымал ресейлік әнші Александр Серов Қазақстанға жеке концертін беру үшін ұшып келді. Оңтүстік астанаға ат басын бұрған өнер иесі жергілікті журналистерге сұхбат беріп, тіпті, Димаш Құдайбергенмен қалай танысқанын да айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол нөмірі бірінші: Ресейдің Халық әртісі Александр Серов Димаш туралы ойын айтты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash / instagram.com/alexander_serov_official: Facebook

Ресейдің халық әртісі Александр Серов zakon.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің шығармашылығы, Игорь Крутоймен қарым-қатынасы, сондай-ақ талантты әнші Димаш Құдайбергенмен қалай танысқаны жөнінде баяндады.

Серовтың сөзінше, ол қазақстандық әнші туралы шамамен бір жыл бұрын білген және содан бері оның талантына тәнті болып келеді.

"Мен Димаштың тесситурасына таңғалдым, бұл сирек кездеседі... Төрт октава - кез келген музыкант, кез келген әншіге бұйырмаған... Димаш әлемдік жұлдыз бола алады және оған ешкім таңғалмайды. Өйткені, менің ойымша, әлемде мұндай дауысты біз әлі естіген жоқпыз", - дейді әртіс.

Сұхбат барысында Александр Николаевич Димашпен қалай танысқаны жайлы сөз етті. Олар Түркияда өткен Игорь Крутойдың 65 жылдық мерей тойында танысқаны белгілі болды. Мерекеде Серов сазгермен бірлесіп шығарған 15 хитін орындаған.

Ән салып болған соң залға қарай түскен Серовқа Димаш барып, өнері үшін алғысын білдірген. Артынша оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да келіп, өнер иесімен әңгімелескен.

"Олар көптеген жақсы сөздер айтты, бақытты болдым. Ал мен оларға ұлдарының феномен әнші екенін, оның жарты әлемді мойындатынын айттым", - деді Серов.

Александр Серов Димашпен бірге дуэт айтып, халықты қуантулары мүмкін екенін де жоққа шығармады.

"Біздің (ресейлік - ред.) эстрадада ол нөмірі бірінші саналады. Ол Спорт сарайларын дүр сілкінтті, әрі қарай бұдан да қызық болады деп ойлаймын.
Мен Америкадағы концерттерден кейін АҚШ-тың музыкалық синдикат продюсерлері оған қызығушылық танытты деген сыбыстарды естідім. Онда келіссөздерді Игорь Крутой жүргізді, егжей-тегжейін білмеймін", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейі Димаш Құдайбергеннің суреті Нью-Йорктегі әйгілі "Barclays Center" аренасының жұлдыздар қабырғасына ілінгені хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843527-ol-nmiri-birinsi-resejdi-halyk-rtisi-aleksandr-serov-dimas-turaly-ojyn-ajtty.html