RU

Тоқаев: 8 наурызға орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтпейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 8 наурыз мерекесіне орай елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін", - деді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты Маңғыстау облысында мәдени шаралар санын барынша қысқарту туралы шешім қабылданғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 32,6 мың адам ауруханада жатыр, қалғандары ауруханадан шыққан. Олар ауруынан толықтай сауыққан.

Жаңа коронавирусты 44,5 мың адам жеңіп шыққан.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, Қытайдан өзге елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169 құрап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843542-koronaviruska-bajlanysty-elordada-8-nauryzga-zosparlangan-koncert-pen-ziyndar-tpejdi.html