Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Филиппинде қарулы азамат сауда орталығындағы адамдарды тұтқынға алды

Опубликовано:

Филиппин астанасы Маниладаның сауда орталығында қаруланған ер азамат 30 адамды тұтқынға алды. Жергілікті биліктің ақпарынша, қаскөй сол сауда орталығының бұрынғы күзетшісі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Фото: Twitter/ NardFerrer
Фото: Twitter/ NardFerrer: Twitter

The Filipino Times басылымының мәліметінше, сауда орталығының ішінде атыс болып, бір адам жараланған. Ол ауруханаған жеткізілген.

Жергілікті биліктің ақпарынша, адамдарды тұтқында ұстап отырған қаскөй – сауда орталығының бұрынғы күзетшісі. Болжам бойынша, ол атыс қаруымен және гранаталармен қаруланған. Қазір онымен келіссөздер жүргізілуде, ер адам тамақ пен су сураған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сауда орталығының қауіпсіздік қызметі шабуыл жасаған ер адамды бұрын жұмыстан шығарған.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда сауда орталықтарын жарып жібермек болған ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік.

Тексеру барысында оның интернетте "ДАИШ" үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды.

Ол терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға сотталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843543-filippinde-karuly-azamat-sauda-ortalygyndagy-adamdardy-ttkynga-aldy/

pixel