RU

"Киноға шақырмайды": Лидия Каденова отандық режиссерларға өкпесін жеткізді

Отандық танымал актриса Лидия Каденова отандық режиссерларына аса қатты өкпелі екенін жайып салды. Өнер иесі олар өзін киноға түсуге мүлдем шақырмайтын болғанын алға тартты. Театр жұлдызы белгілі бір рөлге кастингке барған күннің өзінде түрлі себептермен ақыр-соңы ілінбей қалатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Лидия Каденова үлкен фильмдерде бой көрсетпегенімен, бүгінде телехикаяларға көптеп түсіп жүргенін жасырмады.

"Бізде жас кезімізде кино байқауына шақырғанда "түрің қазаққа ұқсамайды" деп талай рөлге ілінбей қалғанмын. Енді қазір кемпір болдық. Айналайын-ау кемпірге де жарамаймыз ба? Неге киноға шақырмайды? деп қоямыз. Құдайға шүкір сериалдар жетіп жатыр. Телехикаяларда жүрміз, оған да болсын шүкір.
Алайда, қай актер болмасын үлкен рөл армандайды. Әсіресе, жас келе ойлайды. "Кинода екі үлкен бейне жасап кетсем" деп армандайды. Біреуі драмалық тұрғыда, бірі комедиялық бағытта болсын. Мәңгі есте қалатындай, халықтың жүрегінде қалатындай рөл аңсайды" , - деп өз ойын білдіре кетті актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Қонарова өзін жарты жолда тастап кеткен "Орда" тобына ренішін білдірген болатын. Продюсер өз қоластындағы топтың арақатынасты оп-оңай үзе салғаны өзіне аса ауыр тигенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843545-kinoga-sakyrmajdy-lidia-kadenova-otandyk-rezisserlarga-kpesin-zetkizdi.html