RU

Иранда тағы бір саясаткер коронавирустан қайтыс болды

Иранда 79 жастағы шенеунік коронавирустан көз жұмды. Бүгінде елде қауіпті инфекциядан қайтыс болғандар саны 50-ден асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сейед Мохаммад Мирмихаммади. Фото: Iran Front Page
Сейед Мохаммад Мирмихаммади. Фото: Iran Front Page: UGC

Сейед Мохаммад Мирмихаммадтың өлімі жайлы бүгін таңертең белгілі болды. Ол коронавирус жұқтырғандармен бірге жеткізілген ауруханада қайтыс болған.

Осыған дейін Мирмихаммадқа дейін коронавирустан оның анасы қайтыс болған.

Шенеунік тірісінде елдің Жоғары басшысы жанындағы кеңесші құрамы – Иранның Мақсаттылық кеңесінің құрамына кірді, сондай-ақ Иран парламентінің 6 және 7-шақырылымының мүшесі болды.

Мирмихаммади 1948 жылы Кум қаласында дүниеге келген. Алғашында хабарланғандай, COVID-19 вирусын алғаш жұқтырғандар дәл осы елді мекенде пайда болған еді.

Ал осыған дейін Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахи коронавирустан көз жұмған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 32,6 мың адам ауруханада жатыр, қалғандары ауруханадан шыққан. Жаңа коронавирусты 44,5 мың адам жеңіп шыққан.

Ал Қытайдан өзге елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169 құрап отыр.

Айта кетейік, еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа коронавирустың кең таралуына байланысты Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843547-iranda-koronavirustan-tagy-bir-saasatker-kajtys-boldy.html