RU

Димаштың жерлесі "Голос. Дети" байқауында ерекше даусымен қазыларды өзіне қаратты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік 14 жастағы Мейіржан Жидебай Ресейдің "Голос. Дети" музыкалық жобасының келесі кезеңіне өтті. Жас таланат енді белгілі әнші Полина Гагаринаның тобында өнер көрсетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Youtube/The Voice Kids Russia

Видеодан кадр/Youtube/The Voice Kids Russia

Мейіржанның өнер көрсеткен сәті "Голос. Дети" музыкалық жобасының Youtube желісіндегі ресми парақшасында жарық көрді.

Байқау барысында жас әнші әйгілі Бейонсенің "Listen" атты туындысын орындаған.

Мейіржанның өнеріне ресейлік жұлдыздар Полина Гагарина мен Баста бұрылып, оған жоғары бағасын берген.

Өз кезегінде ол үш жетекшіні де жақсы көретінін айтып, Полина Гагаринаның тобына баратынын жеткізді.

Айта кетейік, 14 жастағы Мейіржан Жидебай"Junior Eurovision Qazaqstan" музыкалық жобасының финалисті, сондай-ақ, "Baqytty bala" конкурсының бірінші дәрежедегі лауреаты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы "Голос. Дети" байқауына қазақтың талантты баласы Ержан Максимде қатысып, екінші орын алған болатын.

Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған ресейлік танымал әнші Алсудың қызына Микелла Абрамоваға бұйырған еді.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалар әділетсіздікке теңеді.

Кейін басы дауға қалған Бірінші арна байқаудың нәтижелерін жойып, ал шоудың арнайы шығарылымында финалистердің барлығы жеңімпаз деп танылып, бір миллион рубльге ие болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаштың жерлесі "Голос. Дети" байқауында ерекше даусымен қазыларды өзіне қаратты (видео)
Mailfire view pixel