RU

Мәскеуде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Италиядан оралған Ресей азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Коронавирусқа қатысты жағдай мониторингін бақылау бойынша оперативті штаб аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын хабарлады.

"2 наурыз күні Италиядан оралған Ресей Федерациясы азаматынан COVID-2019 коронавирустық инфекциясы анықталды", - деді штабта.

Штабтың мәліметінше, жас жігіт 21 ақпанда Италияда демалып жүрген уақытта ауырған. Ол Ресейге 23 ақпан күні келіп, 27 күні ЖРВИ белгілерімен емханаға жүгінген. Осыдан кейін ол ауруханаға жатқызылған. Лабораториялық тексерістің нәтижесінде одан коронавирус анықталған.

"Іле-шала ол Италияда және отанына оралған кезде араласқан орта анықталды. Олар қазір емханада немесе үйінде медициналық бақылауда. Олар лабораториялық тексеруден өтуде", - деп атап өтті штабтан.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 32,6 мың адам ауруханада жатыр, қалғандары ауруханадан шыққан. Жаңа коронавирусты 44,5 мың адам жеңіп шыққан.

Ал Қытайдан өзге елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169-ды құрап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843567-resejde-koronavirus-zktyrgan-algasky-adam-tirkeldi.html