Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неміс министрі коронавирусқа байланысты Ангела Меркельдің қолын алмады (видео)

Опубликовано:

Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер елдің канцлері Ангела Меркелдің қолын коронавирусқа жағдайына байланысты алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Берлиндегі мигранттар қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында Меркель Зеехоферге келіп, амандасу мақсатында қолын созды. Алайда министр канцлерге жауап қайтармады.

Меркель бұл жағдайды әзілге айналдырып, екі қолын көтеріп, орнына жайғасты.

Осыдан кейін екі шенеунік те күліп алды.

Айта кетейік, неміс бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Зеехофер жақында коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты қол алысудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жеткізген.

Соңғы деректер бойынша, Германияда жаңа коронавирус 150 адамнан анықталған. Дертті жұқтыру фактілері елдегі он шақты федералдық аймақта тіркелген.

Ал Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 32,6 мың адам ауруханада жатыр, қалғандары ауруханадан шыққан. Жаңа коронавирусты 44,5 мың адам жеңіп шыққан.

Ал Қытайдан өзге елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169-ды құрап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843585-nemis-ministri-koronaviruska-bajlanysty-merkeldi-kolyn-almady-video/

pixel