RU

Уханьда коронавирусқа байланысты уақытша ашылған бір аурухана жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавируске шалдыққандардың санының азаюына байланысты Ухань қаласындағы уақытша мамандандырылған ауруханалардың бірі жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, 1 наурыз күні Цзяокоу ауданындағы уақытша ашылған ауруханадан 34 науқас жазылып шыққан.

Белгілі болғандай, медициналық мекемедегі 74 адам басқа орталыққа ауыстырылған.

Қалған емделушілерді басқа ауруханаға жібергеннен кейін, мекеме жабылып, науқастарды қабылдамау туралы шешімге келген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қытайдағы және Хубэй провинциясындағы эпидемиологиялық жағдай біршама жақсарған.

Соңғы деректерге сәйкес, аспан асты елінде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 32,6 мың адам ауруханада жатыр, қалғандары ауруханадан шыққан. Жаңа коронавирусты 44,5 мың адам жеңіп шыққан.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, Қытайдан өзге елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169-ды құрап отыр.

Вирус 58 елге тараған. Ауруды жұқтырудың жаңа жағдайлары Эквадорда, Израильде, Мексикада тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уханьда коронавирусқа байланысты уақытша ашылған бір аурухана жабылды
Mailfire view pixel