RU

Түркістан облысында белгілі полицей Данияр Мейірхан жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облыстық Полиция дептарментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің бұйырғымен Данияр Мейірхан Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында белгілі полицей Данияр Мейірхан жаңа қызметке тағайындалды

Данияр Мейірхан. Фото: facebook.com/daniyar.meirkhan

Жаңа басшысыны Түлкібас аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына генерал-майор Дәлбековтің өзі таныстырған.

Айта кетейік, 1981 жылы дүниеге келген Данияр Мейірхан ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ал 2019 жылдың желтоқсанда айында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді.

Еске сала кетсек, Данияр Мейірханның қызметтен кетуіне Түркістанда полицейлердің ұстазды қамауға алғаны себеп болған еді. Мәліметтерге сүйенсек, ер адам мектептің сырттағы дәретханасын бақылауға алмағандықтан тәртіп сақшылары оны ұстаған.

Аталмыш жағдай қоғамда резонанс туғызған соң ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеріс жүргізуге тапсырма берді.

Сондай-ақ Мейірхан өзі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі арасында болған келеңсіздікке қатысты пікір білдіріп, өзінің агрессивті әрекетін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында белгілі полицей Данияр Мейірхан жаңа қызметке тағайындалды
Mailfire view pixel