RU

Бішкекте жаппай тәртіпсіздік орын алды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкекте жаппай тәртіпсіздік орын алып, куәгерлер түсірген видеолар әлеуметтік желілерде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

кыргызстан

Видеодан кадр

Митингтің бұрынғы саясаткер Садыр Жапаровты қорғау үшін басталғаны хабарланды. Алайда жиналғандар тәртіп сақшыларын еңсеріп, "Ақ үйге" басып кірген деп жазады 24.kg.

Митингшілер сотталған саясаткерді босатуды талап еткен. Адамдар әкімшілік ғимаратқа кіретін және шығатын жолдарды жауып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тас лақтыра бастаған.

Сонымен қатар митингке шыққандар транспорттың қозғалуына да кедергі келтірмек болған. Төтенше жағдай болған жерде дәрігерлер кезекшілік жасауда.

Біраз тынышталып қалған соң жиналғандардың тағы да бір мәрте бас көтеруге дайын екендері белгілі болды. Тәртіп сақшылары тас лақтырып, жолдарды жапқан бұзақыларды қамауға ала бастаған. Бұған қарсылық танытқандарға қарсы полицейлер жарық-дыбыстық гранаталар мен су зеңбіректерін қолданған.

Қабылданған шаралар көмектеспеген. Адамдар осыған қарамастан тәртіп сақшыларына тас лақтыруын жалғастырған.

Содан соң митингке балалы әйелдер де қосылып, "Ақ үйге" кірер жолдың бәрін жауып тастады.

Қырғызстанның Ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Орозалиев болған жағдайға пікір білдіріп, қабылданған шаралардың заң аясында жасалғанын айтты.

"Олар жолды жаба бастаған соң біздің қызметкерлер оларды ығыстыра бастады. Рейдтік іс-шаралар түні бойы жүргізіледі", - деді Оразалиев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бішкекте жаппай тәртіпсіздік орын алды (фото, видео)
Mailfire view pixel