RU

Қарағандыда концерт кезінде үш метрлік жарық бағаны екі қызға құлап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда көңіл көтеретін орындардың біріндегі сахнаның жанында тұрған жарық бағаны құлап, салдарынан екі қыз жарақат алған. Бойжеткендердің бірі өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда концерт кезінде үш метрлік жарық бағаны екі қызға құлап кетті

Фото: Зардап шегушінің жеке мұрағатынан

Зардап шегуші Викторияның айтуынша, қайғылы жағдай өткен жылдың қыркүйегінде концерт кезінде орын алған.

"Мен бесінші қыркүйекте "Слот" тобының концертіне бардым. Мереке қызған сәтте сахнаға жақын бардым, бірақ маған және менің жанымдағы қызға үлкен металл прожекторы құлап кетті", - деді қарағандылық.

Оның сөзінше, осыдан соң абыржу басталған. Виктория есінен танып қалған. Есін жиған сәтте, айналасынан қан көрген.

"Менің басым мен ернім жарылды. Дәрігерлер маған көптеген тігіс салды. Көру қабілетім нашарлап кетті", - деді Вика.

Сөзінше, оқиғадан соң оның үнемі басы ауырып, жүрегі айнитын болған.

Екінші зардап шегуші Маргаританың жарақаты Викаға қарағанда ауыр болып шыққан. Оның омыртқа жотасы үш жерінен сынған. Қазір оған мүгедектік беру мәселесі қаралып жатыр.

"Бүгін тергеуші қылмыстық құрам жоқ екенін айтып, қылмыстық істі жапты. Мына жарақаттар үшін ешкім жауапқа тартылмайтын болғаны ғой.
Ғимаратқа сау болып кіріп, қан-жоса күйде зімбілмен алып шыққаны үшін мерекені ұйымдастырушылар, құрылғыларды қоюшылар, ғимарат иелері – бізбен ешкім байланысқа шығып, кешірім сұрамады", - деді Виктория.

Полиция аталмыш істі қарағандарын растады. Департаменттегілер оқиға бойынша және тергеу позициясы туралы ауқымдырақ ақпаратты кейінірек жариялауға уәде берді.

Еске сала кетсек, Шамалғандағы пойыз апатынан зардап шеккен кішкентай қыздар мүгелек болып қалғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда концерт кезінде үш метрлік жарық бағаны екі қызға құлап кетті
Mailfire view pixel