Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп оқушысы жанарынан айырылған анасын жалғыз өзі асырап отыр

Опубликовано:

Алматыда мектеп оқушысы көлік жуып, көз жанарынан айырылған анасын асырап отыр. Жасөспірім жалдамалы баспана, коммуналдық шығындар мен күнделікті ішіп-жейтін тамақты да өз мойнына алған. 6-сыныптан бастап қара жұмысқа араласқан ол еңбек етуден қашпайды. Тек жалғыз ғана арманы орындалғанын қалайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы
Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы: Instagram

Жалғызбасты ана Қамаш Бекімбетова 5 жыл бұрын қос жанарынан айырылған. Өзі ұлымен бірге баспана жалдап тұрады. Қос бөлмелі лашыққа 15 мың теңге төлеп жүр. Одан бөлек, жарық пен газ үшін 4 мың теңге беруге міндетті. Тігіншілікпен айналысқан ананың қазір өздігінен қозғалуы да қиын. Сондықтан, отбасының барлық шығындары ұлының мойнында.

"Баламның 6-сыныбында көзім көрмей қалды ғой. Еш жақтан көмек жоқ. Үкіметтен осыған дейін ештеңе алып көрмеппін", - дейді Қамаш Бекімбетова.

53 жастағы келіншек баласы келгенше бір орында тапжылмай күтеді. Ал ұлы қазір мектепте 10-сыныпта оқиды.

"Қазір сол көлік жуу орнында істеп жүрмін. Сабаққа таңертең кетемін, шай-тамақты бірге ішеміз. Одан кейін үйге келіп, шай ішіп, жұмысқа кетемін. Кешке жұмыстан келгенше мама күтіп отырады, сөйтіп бірақ ішеміз. Күнде жатар кезде көзі көріп кетсе екен деп тілеймін", - дейді ол.

Бекімбетовтер отбасы көмек сұрап аудан әкімдігіне талай барған. Жалғызбасты ананың мүгедек екенін растайтын анықтамасы да жоқ.

"Бұл кісіде Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ азаматтығы жоқ болса да оралман ретінде осы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындадық. Негізі, кәмелеттік жасқа толып кеткен екі қыз баласы бар. Олар тұрмыста", - дейді Наурызбай аудандық Әл-ауқат бөлімінің бөлім басшысы Зәуре Әбілдаева.

Шенділер Қамаш Бекімбетованы жалдамалы баспанасына уақытша тіркеуге алмақ. Сосын ғана оған мүгедектігін растайтын анықтама беруге ниетті.

"Атаулы әлеуметтік көмек алмайды екен. Кейін өзіміз іздеп бардық. Содан "атаулы әлеуметтік көмек туралы естіген кезде мен сөйлей алмай қалдым ғой" деп айтты. 42280 теңге үйінде ешқандай табысы жоқ адамға үлкен бір табыс боп көрінді", - дейді Наурызбай аудандық "Бақытты отбасы" орталығының кеңесшісі Нағигүл Бейсембина.

Ә. Лесбек

Айта кетейік, бұған дейін қыстың соңғы айында баспанасы өртеніп, үйсіздер қатарына қосылған көп балалы отбасыға қайырымды кәсіпкерлер үй сыйлағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843621-almatyda-mektep-okusysy-zanarynan-ajyrylgan-anasyn-zalgyz-zi-asyrap-otyr/

pixel