RU

"Алдын-ала сатып алған": Әйеліне бензин құйып өртеген азамат жайлы жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұ-Сұлтанда жұбайына бензин құйып өртеген ер адам сот алдында жауап бере бастады. Прокурорлар сотталушыны мұндай адам шошырлық іске алдын ала дайындалған дейді. Бірақ күдікті бұл айыппен келіспейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр: КТК

Видеодан кадр: КТК

Прокурор Алмат Сембінің сөзінше, өткен жылдың 6 қазанында күдікті Сапарбек Өмірбеков елорданың шеткері ауданы маңына әйелін апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, бұл іске ол алдын ала дайындалған.

"Өмірбеков Нұр-Сұлтан қаласы Тілендиев көшесінің бойында орналасқан "Сәлем" базарына барып, екі литр көлемінде тез тұтанатын бензин қалпындағы жанармайды алдын-ала сатып алған. Тез тұтанатын бензин қалпындағы жанармайын қолына алып, қақпағын ашып, Урзабекованың басынан төмен қарай шашып төккен", - дейді Алмат Сембі.

Сөйтіп қылмыс орнынан із суытқанымен, кейін ер адам полицейлерге өзі беріліпті. Сол арада күдікті туысқанына да телефон шалып, жан жарын о дүниелік қылғанын айтып берген. Ал жәбірленуші ретінде отырысқа келген марқұмның інісі отбасылық жанжалдың бұған дейін де болғанын жасырмады.

"Алдында әпкемді ұрып-соққан, мұның алдында да сондай жағдайды істемекші болған. Әпкем маған "бір мәрте мені қылқындырып өлтіргісі келді" деген болатын",- дейді марқұмның інісі Батырхан Урзабеков.

Ал марқұмның ағасы Асқар күйеу баласының жазасын жеңілдетуге жасалған қитұрқы әрекетті айтып берді. Оның сөзінше, Сапарбектің құжаттарында "психикалық ауытқуы бар" деген анықтама көрсетіліпті, бірақ ол жалған.

"Сәл жеңіл болады деп істеген ғой. Мен бұны байқап қалдым. Байқамағанда, психикалық ауруымен ауырады деп іс бітіп кететін еді. Оны кейін дәлелдей алмаймыз. Мен адал, қатаң түрде өз жазасын алсын деймін", - дейді Асқар Урзабеков.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, өткен жылдың 6 қазанында елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жібергені хабарланған.

Сұмдық жағдай қала іргесіндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы аялдамада болған.

Денесінің 75 пайызын термиялық күйік шалған әйел адам 2019 жылдың 10 қараша күні Нұр-Сұлтан тұрғыны травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алдын-ала сатып алған": Әйеліне бензин құйып өртеген азамат жайлы жаңа дерек шықты
Mailfire view pixel