Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жарым сағаттан кейін қайта тіріліп кеткен ер адам дәрігерлерді таңғалдырды

Опубликовано:

Австралияның 59 жастағы тұрғыны түн ортасында қайтыс болып, 90 минуттан кейін қайта көзін ашқан. Ер адамға көмек көрсетуге асыққан жедел жәрдем қызметкерлері есін жиған азаматты көріп, таңғалып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Бір жарым сағатқай қайтыс болған ер адам дәрігерлерді таңдай қақтырды
Фото: Channel 7, Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Элистер Блейк 2019 жылы Виктория штатында жұбайы Мелиндамен жағажайдағы үйді жалдап, демалған.

Түнде келіншек күйеуі шығарған дауыстардан оянып кетіпті. Ол жұбайын қорылдап жатыр деп ойлаған, алайда көп ұзамай оның жүрегі тоқтап қалғанын сезіпті.

Әйел адам дәрігерлер келгенше күйеуіне алғашқы көмек көрсеткен. Келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері де 90 минут бойы Элистерді аман алып қалуға тырысады, алайда бәрі нәтижесіз болады.

Олар Мелинданы басқа бөлмеге кіргізіп, қолдарынан келгенннің бәрін жасағанын айтыпты. Алайда дәл осы сәтте "бір жарым сағатқа қайтыс болған" ер азаматтың жүрегі қайта соғып, дәрігерлерді таңғалдырған.

Элистер төрт күн жансақтау бөлімінде жатып, кейіннен көзін ашқан. Дәрігер Джейми Лейлендтің сөзінше, әріптестері ер адамның тіріліп кеткенін көріп, таңырқаған.

Әдетте осыншалық ұзақ клиникалық өлімнен кейін адамның ағзасы түгелдей қалпына келе алмайды екен, бірақ Элистерде не психикалық, не физикалық ауытқу болмаған.

Дәрігерлер науқасты 4 күн ішінде арғы дүниеге барып, қайтып келген библиялық кейіпкердің құрметіне Лазарь деп атап кетті.

Енді ол кардиостимулятор тағып, әрбір күнін ұмытылмастай етіп өткізуге мәжбүр.

Естеріңізге сала кетейік, әйел адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843632-bir-zarym-sagattan-kejin-kajta-tirilip-ketken-er-adam-drigerlerdi-tagaldyrdy/

pixel