RU

"Сүйінші": Отандық танымал вайнер екінші мәрте ана атанды

Instagram желісінде асқан танымалдылыққа ие болған отандық вайнерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева екінші мәрте ата-ана атанды. Yuframe шығармашылық тобының мүшелері тағы да ұлды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/oksukpaevak. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/oksukpaevak. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Арман Юсупов жанұясы тағы бір сәбимен толыққаны жайлы хабарды бірден желі қолданушыларына жеткізген. Қуанышы қойнына сыймаған әке өміріндегі аса маңызды сәтпен бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұраған. Ол өзінің жеке парақшасында әйелі мен жаңа туған ұлының видеосын жариялап, оқырмандар жүрегін елжіреткен.

"Қош келдің, Тимка" , - деп жазды ол бейнежазбаның астына.

Желі қолданушылары мен барша желі жұлдыздары бірден жас ата-ананы құттықтап, сәбиге деген ақ тілектерін жаудырған.

"Бауы берік болсын" , "Карина жарайсың, екінші батырыңның да дені сау болсын" , "Керемет отбасы" , "Көбейе беріңдер, енді қыздың кезегі" , "Құттықтаймын, көпбалалы әке болуды нәсіп етсін" , "Жарайсыздар, бөпе үлкен азамат болып өссін" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов үшін бұл екінші перзент болмақ. Жас ата-ананың Әлім есімді тағы бір ұлы бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Карина Оксукпаева екінші мәрте ана болатынын өзі хабарлаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843633-tagy-da-l-otandyk-tanymal-vajner-ekinsi-mrte-ana-atandy.html