Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде ұсталған шенеунік тергеушілердің көзінше айғақтардың бірін жеп қойды (видео)

Опубликовано:

Иркутск облысы және Бурятия бойынша Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет басқармасы басшысының тұтқындалған орынбасары Владимир Журавлев тергеушілердің көзінше айғақтардың бірін жеп қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан кадрлар: РИА Новости
Видеодан кадрлар: РИА Новости: Instagram

Журавлевтің үстелде тұрған қағазды аузына салып, шайнай бастаған сәті видеоға түсіп қалған.

Агенттіктің мәліметінше, Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет басқармасы басшысының орынбасары 160 мың рубль көлемінде пара алды деген күдікке ілініп, тұтқындалған.

Айта кетейік, "Қазақстан су жолдары" мемлекеттік кәсіпорынның Павлодардағы филиалы басшысының міндетін атқарушы 19 миллион теңгеге жуық шығын жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс материалдарында филиал басшысының ресми жалақысынан бөлек, дивиденд алмақ болғаны айтылады. Ол кәсіпорындарға арнап тауарларды сатып алу туралы келісім шарттарды қолдан жасаған деп айыпталған.

Қазір сотта оның экс-орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұрынғы шенеунік басшысы ұсталғаннан кейін оның ісін жалғастырғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843637-resejde-stalgan-seneunik-tergeusilerdi-kzinse-ajgaktardy-birin-zep-kojdy-video/

pixel