Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореяда секта көшбасшысы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда мүшелері мыңдаған адамға коронавирус жұқтырдып деп айыпталған Синчхонджи сектасының көшбасшысы Ли Ман Хи тікелей эфирден көрсетілген баспасөз конференциясына қатысып, адамдардан тізерлеп тұрып кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кореяда мыңдаған адамға коронавирус жұқтырған секта көшбасшысы тізерлеп кешірім сұрады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бұған дейін елде болған жұқпалы ауруды жұқтыру жағдайының тең жартысын Иса Синчхонджи шіркеуіне келушілердің әдейі жасағаны туралы хабар тараған еді.

Баспасөз конференциясында 88 жастағы Ли Ман Хи тізерлеп, кешірім сұрады. Ер адам болған жағдайдың қасақана жасалмағанын бәрі кездейсоқ болғанын айтты деп жазады Rappler.com.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сеул билігінің прокуратураға талап-арыз бергені белгілі болды. Олар сектаның 12 мүшесін халық арасында коронавирустың таралуына жол берді деп айтыптауда.

Болжам бойынша күдіктілер діни жоралар жасау кезінде бір-біріне коронавирус жұқтырды деп күдіктелуде.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, Дүние жүзі бойынша Қытайды есепке алмағанда, коронавирус тіркелген мемлекеттер саны 64-ке жеткен.

2 наурыздағы ақпарат бойынша бір тәулікте коронавирус тіркелген мемлекеттер саны алтыға артқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843653-koreada-sekta-ksbassysy-koronavirusty-taraluyna-bajlanysty-halyktan-tizerlep-kesirim-srady-video/

pixel