Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстан коронавирусқа байланысты 35 елдің азаматына кіруге тыйым салды

Опубликовано:

Тәжікстан билігі әлемде коронавирустың таралуы жағдайы байланысты 35 елдің азаматына мемлекетке кіруге тыйым салып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елдің азаматтық авиация агенттігі басшысының орынбасары Азиз Набизоданың журналистерге берген мәліметінше, жергілікті және шетелдік әуе компанияларына тиісті жеделхат жолданған.

"Хабарламада әуе компаниялар 35 елдің азаматтарын бортқа алмауы керектігі айтылған. Аталмыш хабарландыру туристік компанияларға да жетті", - дейді Азиз Набизода.

Оның айтуынша, бұл шара коронавирустың таралуынының алдын алуға және республика азаматтарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген.

Тәжікстанға кіруге уақытша тыйым салынған елдердің тізіміндее Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Сингапур, Австралия, Малайзия, Камбоджа, Филиппин, Таиланд, Непал, Шри-Ланка, Үндістан, Финляндия, Италия, Ұлыбритания, Испания, Швеция, Бельгия, Израиль, Австрия, Хорватия, Швейцария, АҚШ, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Иран, Ливан, Кувейт, Бахрейн, Оман, Ауғанстан, Ирак және Алжир бар.

Азиз Набизода тізімдегі 35 елден елге оралған тәжік азаматтары екі апталық карантиннен өтетіндігін атап өтті.

Әуе компаниялар билеттерді ертерек сатып алған жолаушыларға ақшаны қайтаруға міндетті екендігі де белгілі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік. Әзірге мұсылмандар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843656-tzikstan-koronaviruska-bajlanysty-35-eldi-azamattaryna-kiruge-tyjym-salady/

pixel