RU

Мадина Сәдуақасова көпшілікке әкесін көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова күйеуі мен әкесінің суретін жариялаймын деп, желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандар өнер иесінің жолдасы қайын атасынан айнымайтынын жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мадина Сәдуақасова аталмыш фотомен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөліскен. Онда әншінің әкесі мен күйеуінің күліп тұрғанын аңғаруға болады. Бұл суреттің арқасында желідегілер күйеубаласы мен қайынатасының өзара ұқсастығын байқап қалған.

Оқырмандардың басым көпшілігі эстрада өкілінің жолдасы өз әйелінің әкесінен айнымай қалғанын жазуда. Оған қоса, Сәдуақасованың анасы мен күйеуі албан болып шықты.

"Әкем қалжыңдайды. “ Өзім Албанның қызына үйлендім, қызымды да Албандарға бердім" деп айтады" , - дед әнші.
"Жолдасыңыз бен әкеңіз қатты ұқсайды екен" , "Мына кісінің баласы сіз емес, шын мәнінде мына жігіт секілді" , "Әкеңіз өзі албаннан қыз алып, өз қызын да албанға бергенені қызық болды" , "Екеуі бір-біріне кім болды сонда? Жездесі мен балдызы ма?" , "Бақтты болыңдар" , "Ата-анаңыз жүз жасасын" , "Олжас қайынатасынан айнымай қалыпты" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың ұлттық киімдегі образы көпті тәнті еткенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мадина Сәдуақасова көпшілікке әкесін көрсетті (фото)
Mailfire view pixel