Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соткамен сөйлесудің ерекше әдісін тапқан ер адам жұрттың ішек-сілесін қатырды (видео)

Опубликовано:

АҚШ тұрғынының ұялы телефонды ерекше тәсілмен қолданып тұрғаны бейнеленген видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Бұл әркетемін ұшқыр ойлы, тапқыр ер азамат желі қоданушыларының көңілін көтерген деп жазады KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Соткамен сөйлесудің ерекше әдісін тапқан ер адам жұрттың ішек-сілесін қатырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Аталмыш видео 22 Words Facebook парақшасында пайда болды.

Желіде пайда болған бейнежазба кадрларынан ер азаматтың ұялы телефонды резеңкенің көмегімен басына жабыстырып қойып, әлдекіммен сөйлесіп тұрғанын анық көруге болады.

Ғаламтор бетіне шыққан видеоны көрген көпшілік езуін жия алмай қалды. Олардың басым бөлігі ер адамның не өткен заманда қалып қойғанын не болашақта өмір сүріп жатқанын түсіне алмай әлек болып тұрғандарын айтты.

"Біз 2020 жылы өмір сүріп жатқан кезде, ол 2200 жылы өмір сүріп жатыр", - деп жазды оқырмандардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Ақмола облысында соққан бораннан пайда болған тоңазытқыштың видеосы тарағанын хабарлаған едік.

Бейнеролик авторының сөзінше, қатты дауылдың салдарынан олар су жаңа құрылғыға ие болыпты.

Бейнежазбадан тоңазытқыштың үш сөресінде де азық-түліктер тұрғанын көруге болады. Ал ең төменгі сөреде ет сақталады екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843670-sotkamen-sjlesudi-erekse-disin-tapkan-er-adam-zrtty-isek-silesin-katyrdy-foto/

pixel